Теннис
1 мин оқу 243

Қазақстандық теннисшілер Челленджер турнирлерін жеңіспен бастады

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық Михаил Кукушкин мен Бейбіт Жукаев Челленджер турнирлерін жеңіспен бастады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақстан теннис федерациясы жазғандай, Кукушкин Хельсинкиде іріктеу сайыстарынан кейін негізгі жарыстың алғашқы айналымында италиялық Стефано Травальямен шеберлік байқасты. Қазақстандық теннисші қарсыласын 6:2, 6:4 есебімен ұтып, екінші айналымға шықты. Михаил ширек финалға шығу үшін ресейлік Евгений Карловскиймен таласады.

Ал Жукаев Жапонияның Кобе қаласында бастапқы кездесуін сәтті өткізді. Бейбіт корт иесі Ючи Сугитаны 4:6, 6:4, 6:4 есебімен тізе бүктірді. Қазақстандық теннисші бәсеке барысында 24 эйс жасап, көзге түсті. Ол екінші айналымда әлемнің 84-ракеткасы, доданың бірінші ракеткасы, аустралиялық Кристофер О'Коннелмен кездеседі.

Бөлісу:
Қазақстандық теннисшілер Челленджер турнирлерін жеңіспен бастады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар