Оқиға
1 мин оқу 291

Жаңаарқада 19 жолаушысы бар автобус аударылды

<p style="text-align: justify;">Бүгін Қызылорда-Павлодар автожолының 722 шақырымында шағын автобустың жүргізушісі рульді басқара алмай, жол-көлік оқиғасы орын алды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Аударылған көлікте 19 жолаушы болған. ТЖД хабарлауынша, үш адам зардап шегіпті.

Оқиға туралы дабыл Жаңаарқа ауданы ТЖБ Ұлытау облысының «Ақтүбек» трассалық медициналық-құтқару пунктінің диспетчеріне келіп түскен. Жол апаты орын алған орынға дереу арнайы реанимобильмен жол бойындағы пункт мамандарының бригадасы барып, бригада зардап шеккен 3 адамға көмек көрсетті. Қазір зардап шеккен бір адам орташа дәрежедегі жарақаттармен Жаңаарқа ауданының орталық аудандық ауруханасына жатқызылды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда апаттық-қауіпті жол учаскелерде ТЖМ бөлімшесі – 40 трассалық медициналық-құтқару пункті қызмет көрсетеді.

Бөлісу:
Жаңаарқада 19 жолаушысы бар автобус аударылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар