Теннис
1 мин оқу 190
Бейбіт Жукаев Жапонияда топ жарды
<p style="text-align: justify;">Қазақстандық теннисші Бейбіт Жукаев Жапонияның Кобе қаласында өтіп жатқан «Челленджердің» бірінші кезеңінен сүрінбей өтті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.</p>
Бірінші кезеңде қазақстандық спортшы жергілікті теннисші Ючи Сугитамен кездесіп, 4:6, 6:4, 6:4. есебімен жеңіске жетті. Матч барысында Бейбіт Жукаев 24 эйс жасады.
Екінші айналымда Жукаев турнирдің бірінші ракеткасы австралиялық Кристофер О'Коннеллге қарсы шығады.
Бөлісу: