Оралда қонақ үйден ер адамның мәйіті табылды
<p style="text-align: justify;">Оралдағы қонақ үйлердің бірінен ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ІІМ ресми интернет ресурсына сілтеме жасап. </p>
«16 қарашада сағат таңғы 08:10 уақыт шамасында Абай ауданының полициясына қаладағы қонақ үйлердің бірінде ер адамның өлі денесі табылғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барып, 35 жастағы азаматтың мәйітін анықтады», деп жазды ІІМ ресми сайты.
Анықталғандай, оқиға орнында 28 жастағы әйел адам болған. Ол қылмыс жасағанын мойындап, қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті Орал қаласы полиция басқармасында уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.