Аймақтар
1 мин оқу 260

Қостанайда тағы өрт шықты

<p>Түнде Қостанай қаласындағы Складская көшесінде өрт шықты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, кеше, 16 қарашада сағат 21:10-да Складская көшесі, 6 мекенжайында ағаш паллеттер мен қойманың шатыры өртенген.

«Өрт ауданы 500 шаршы метрді құрады. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі мен материалдық залал анықталып жатыр», делінген ТЖД хабарламасында.

ш

Оқиға орнына ТЖД (35 қызметкер, 10 техника бірлігі), полиция департаментінің (10 қызметкер, 3 техника бірлігі), ҚТЖ (3 адам, 1 техника бірлігі), «Қостанай-Су» МКК (1 адам, 1 техника бірлігі) күштері жұмылдырылды.

ү

ү

Бөлісу:
Қостанайда тағы өрт шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар