Қоғам
1 мин оқу 580

«Дәл қазір айта алмаймын»: Министрлер қанша жалақы алады?

<p style="text-align: justify;">ҚР Парламенті Сенатының кулуарларында Қаржы министрі - Премьер-Министрдің орынбасары Ерұлан Жамаубаев министрлердің айлық табысы жайлы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды&nbsp;&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қаржы министрінің айтуынша, министрлердің жалақы мөлшері еңбек өтілі мен біліктілігіне қарай белгіленеді.

«Барлығы еңбек өтіліне, біліктілігіне байланысты. Менің ойымша, олардың жалақысы 500-600 мың теңгеден басталып, 1,5 – 1,7 млн теңгеге дейін жетеді», деді Ерұлан Жамаубаев.

Осы орайда, тілшілер Премьер-Министрдің табысы туралы сұрады.

«Егер Әлихан Асханұлы рұқсат берсе, айта аламын. Дәл қазір айта алмаймын», деп жауап берді Қаржы министрі.

Бөлісу:
«Дәл қазір айта алмаймын»: Министрлер қанша жалақы алады? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар