Теннис
1 мин оқу 193
Михаил Кукушкин Хельсинкидегі турнирдің ширек финалына өтті
<p style="text-align: justify;">Қазақстандық Михаил Кукушкин Хельсинкидегі челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Әлемнің 239-ракеткасы Кукушкин екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 298-орында тұрған ресейлік Евгений Карловскиймен кездесті.
Бірінші партияда қазақстандық теннисші басымдылық танытты – 6:2. Екінші сетте есеп 4:2 болған кезде қарсыласы матчты жалғастырудан бас тартты
Кукушкин жартылай финалға шығу үшін әлемнің 140-ракеткасы, германиялық Янник Ханфманн немесе рейтингте 153-сатыдағы ұлыбританиялық Райан Пенистонның біреуімен кездеседі.
Бөлісу: