Аймақтар
1 мин оқу 350

Жамбыл облысында жолда қалып қойған жолаушылар құтқарылды

<p style="text-align: justify;">Жамбыл облысының ТЖД қызметі боранда жолда қалып қойған Шымбұлақ ауылының үш тұрғынын құтқарды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;аталған департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

15 қарашада Жамбыл облысы ТЖ департаментіне Жуалы ауданы, Шымбұлақ ауылының үш тұрғыны 18 сағат 05 минутта Шымбұлақ ауылынан 15 км шақырым қашықтықта боранда жолдан адасып кеткендігі жөнінде хабарлама келіп түскен.

Жоғалған адамдарды іздестіруге төрт өрт сөндіруші-құтқарушы, учаскелік полиция және бір жергілікті тұрғын жол талғамайтын «ТРЕКОЛ» көлігімен  шықты. Мезгілдің қою қараңғылығы мен боранның басталуы себепті ешнәрсе көрінбейтін жағдай туындағандықтан іздестіру жұмыстары келесі күнгі таңертеңгі мезгілге шегерілді.

16 қараша күні таңертең жарықта іздестіру жұмыстары қайта басталып, сағат 10:35-те Шымбұлақ ауылынан қырық шақырым қашықтықта жоғалған адамдар табылды. Олардың тау бөктеріндегі аумақтан трактормен мақсары шабуға шыққаны белгілі болды. Тұрғындар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

Бөлісу:
Жамбыл облысында жолда қалып қойған жолаушылар құтқарылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар