Азия жасөспірімдер рейтингі: Қос қазақстандық теннисші көш бастап тұр
<p style="text-align: justify;">Азия теннис федерациясы 14 және 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында жаңартылған рейтингіні жария етті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, 14 жасқа дейінгі қыздар арасында астаналық Альбина Кәкенова бұрынғыша көш бастап келеді. Оның есебінде 3922 ұпай бар.
Сондай-ақ ақтөбелік Ева Корышева (4-ракетка) мен астаналық Ариана Гогулина (8-ракетка) үздік ондыққа енді.
Ал 16 жасқа дейінгі қыздар арасында алматылық Сафина Сафиуллина 720 ұпаймен бірінші орынға көтерілді. Алматылықтар Полина Слепцова алтыншы, Айя Нұпбай тоғызынша сатыда. Бозбалалар арасында астаналық Кәрім Темірлан 2-орынға жайғасса, алматылық Тихон Сорокин 7-сатыға шықты.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің Грекиядағы турнирде жеңімпаз атанғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ теннистен қазақстандық төреші күміс белгі иегері атанды.
Михаил Кукушкин Хельсинкидегі турнирдің ширек финалына шықты.