Петропавлдағы жарылыстан 9 адам зардап шекті
<p style="text-align: justify;">Петропавлда техникалық қызмет көрсету орталығында көліктің газ қондырғысы жарылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Оқыс оқиға бүгін Петропавлдағы Гашек көшесінде орналасқан техникалық қызмет көрсету орталықтарының бірінде болған. Салдарынан 9 адам зардап шекті.
Жарылыс кезінде ТҚК орталық ғимараты құлады. Сондай-ақ өрт болған.
Оқиға орнында жедел жәрдем мамандары түрлі деңгейде жарақат алған 9 адамға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Әзірге жарақаттанғандар туралы нақты ақпарат жоқ.
Өрт сағат 16:53-те толық сөндірілген. Оқиға орнында өрт сөндіру қызметінің 10 техникасы мен 43 маманы жұмыс істеді.
Қаза тапқандар туралы дерек жоқ. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.