Аймақтар
2 мин оқу 312

«ALA» бағы Гиннестің рекордтар кітабына ене ме?

<p style="text-align: justify;">Әлі де болса бір кездегі Алматының &laquo;жасыл қала&raquo; деген даңқын ұстап тұрған әдемі бақтар бар. Соңғы жылдары қалада &laquo;Желтоқсан саябағы&raquo;, Әйелдер аллеясы мен Қарағайлы орман пайда болғанымен, кәрі ағаштар мен күтімі жоқ желектердің көптігі шаһарға көлеңкесін түсіріп тұрғанын да жасыруға болмайды.</p>

«ALA» бағы Гиннестің рекордтар кітабына ене ме?

Қысқасы, күн тәр­тібінен түспей келе жатқан осы мәселеге орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та Алматы сапарында: «Ал­матыда 2030 жылға дейін 2,5 миллион ағаш отырғызу жос­парланып отыр. Ең бастысы, абаттандыру жұмыстары керекті судың қолжетімділігі мен қала жоспарын ескере оты­рып, мазмұнды әрі біркелкі жүргізілуі керек. Алматыда 136 саябақ бар. Олардың қата­рын көбейтіп, абаттандыру жұ­мыстарын жоспарлы түрде жүргізу керек» дегенін ел естіді.

Осы орайда Алматының дамуына бейжай қарамайтын белсенді адамдар мен қала би­лігінің арқасында Алматының халы­қаралық коды – ALA бақ түрінде пайда болды. Ендігі жерде алып ALA бағы құс қана­ты талатын аспан көгінен ғана емес, ғарыштан да менмұндалап көрініп тұрмақ.

Айтқандай, ALA уақыт өте жайқала түсетін көшеттермен жазылған ең үлкен сөз болған­дықтан, Гиннес әлемдік рекордтар кітабына енуден де дәмелі. Өйткені әріптер бейнесіндегі мұндай алып бақ бұрын-соңды отырғызылмаған көрінеді.

Сонымен 3,36 гектарды алып жатқан аумаққа биіктігі 2 метр­дей болатын қылқан жа­пы­рақты аршаның 2500 түп кө­шеті отырғызылды.

Бұл бақ Алматының Ала­тау ауданының солтүстік бағы­тын­дағы санитарлық-қорғау аймағында, Б.Момышұлы мен Мөңке көшелерінің қиылы­сына орналасты. Жаңа бақ – Алматының бүгінгі халқының келешекке қалдырған сәлем­демесі деуге де болады. Олар жыл өткен сайын құлашын көкке жайып, қаланың ауасына дәру болатыны сөзсіз.

Ал енді аталған бақтың авторы – жастайынан талай сауапты іске мұрындық болып келе жатқан қоғам қайраткері, бұған дейін де 193 мемлекетті біріктіретін «Әлем суреті» атты халықаралық әлеуметтік арт-жобасына араласқан продюсер Даут Шайхисламов.

Сонымен 18 қараша күні осы бақтың жайқалуына мүд­делі адамдар қарағайлы орманды түгел отырғызып, жобаны мәреге жеткізеді.

АЛМАТЫ

Бөлісу:
«ALA» бағы Гиннестің рекордтар кітабына ене ме? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар