Саясат
1 мин оқу 300

Шетелдік ұйымдар пікірі

<p style="text-align: justify;">Президент сайлауы қар&shy;са&shy;ңын&shy;да Орталық сайлау ко&shy;мис&shy;сиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров бірқатар шетелдік делегация өкілімен кездесті.</p>

Шетелдік ұйымдар пікірі

Атап айтсақ, ТүркПА-ның құқық­тық мәселелер және халық­аралық қатынастар жөніндегі комис­сиясының төрағасы Эрол Кая бастаған түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясы және ИЫҰ Бас хатшылығының Азия департаментінің директоры Ах­мед Сарир бастаған Ислам Ынты­мақтастығы Ұйымы делегацияларымен жүздесті.

Кездесуде ТүркПА мен ИЫҰ делегациясына президент сайлауын өткізу ерекшеліктері таныстырылды. Атап айтқанда, Н.Әбдіров сайлау науқанының негізгі кезеңдері, кандидаттарды тіркеу қорытындылары, сайлаушылар тізімі бойынша жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ сайлау күніне Қазақстанның сайлау ор­гандарының дайындығы туралы хабардар етті.

ТүркПА және ИЫҰ делега­ция­ларының басшылары Орта­лық сайлау комиссиясының сайлауға дайындығы жөніндегі қызметін жоғары бағалап, сайлауды өткізуде табыс тіледі.

Дауыс беру күніне дейін Түркі мем­­­ле­­кет­тері ұйымы, ШЫҰ, ТМД, ТМД ПАА, ҰҚШҰ ПА байқаушы­лары­­­ның миссияларымен де кездесулер ұйым­дастырылатынын атап өткен жөн.

р

Бөлісу:
Шетелдік ұйымдар пікірі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар