Аймақтар
1 мин оқу 260

Шағын қаланың шырайы

<p style="text-align: justify;">Степногор қаласында спортты жаны сүйетіндер үшін жақсы жағдай жасалған. Бүгінде қала тұрғындары қамқорлықтың игілігін көріп отыр.</p>

Шағын қаланың шырайы

Степногор қаласында мүгедектерге арналған демалыс орталығы ашылды. 260 шаршы метрлік спорт залы арнайы көпфункционалды тренажерлармен, жүгіру жолдарымен жабдықталған, сонымен қатар теннис­ке арналған үстелдер бар. Күн сайын кесте бойынша 20-ға жуық адам айналысады.

– Жыл сайын кәсіби спортпен шұғылданғысы келетіндердің саны көбейіп келеді. Биыл арамыздан 5 спорт шебері мен спорт шеберіне үміткер шықты. Біз балаларды әлі қабылдай алмаймыз, оларға «Спешиал Олимпикс» жеке бағдарламасы қажет, – деп қала әкімінің мүгедектігі бар адамдар мәселелері жөніндегі кеңесшісі Станислав Мұхамадиев қамқорлықтан қағыс қалдырмаған жанашырларға өз алғысын білдірді.

Осы бір жағымды жаңалық жалға­сын тауып, қаладағы алтыншы шағын ауданның аумағы абаттандырылды. Жазғы кезеңде жалпы ауданы 11,5 мың шаршы метр, ұзындығы 750 метрлік төрт балалар алаңы, футбол және волей­бол алаңдары, воркаут аймағы жаса­лып, тротуарлар салынды, жолдар ас­фальтталып, тұрақ орындары ұлғайтылды. 

Сөз арасында шағын қала үшінші жыл қатарынан қарқынды дамып келе жатқандығын айта кетуіміз керек. Бұл жұмыс әлі де жалғасын табатын болады.

Ақмола облысы,

Степногор қаласы

Бөлісу:
Шағын қаланың шырайы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар