Спорт
1 мин оқу 180

Токио татамиінде белдеседі

<p class="2018-" style="text-align: justify;">3-4 желтоқсан күндері Жапонияның бас шаһары &ndash; Токиода дзюдодан &laquo;Үлкен дулыға&raquo; санатындағы жарыс&shy;тың кезекті кезеңі өтеді. Аталған сында Қазақстан құрамасының 22 дзю&shy;до&shy;&shy;шысы (12 ер және 10 әйел) өнер көр&shy;сетеді.</p>

Токио татамиінде белдеседі

Атап айтар болсақ, ерлер бәсекесінде Қазақстан құрамасынан Елдос Сметов, Мағжан Шамшадин (60 кило), Есет Қуанов, Ермек Амангелді (66 кило), Жансай Сма­ғұлов (73 кило), Абылайхан Жұбаназар, Максим Мейірлан (81 кило), Дидар Хамза (90 кило), Нұрлыхан Шерхан, Бекарыс Сәдуақас және Ғалымжан Қырықбай (-100 кило) татамиге шығады.

Ал әйелдер құрамасы сапынан Әбиба Әбужақынова (48 кило), Гауһар Ирма­ғамбетова, Толғанай Әбеуова (52 кило), Дана Әбдірова (57 кило), Самалай Ерғалиева, Есмігүл Күюлова (63 кило), Анастасия Маякова (70 кило), Аруна Жангелдина (78 кило) және Камила Берліқаш (+78 кило) бас жүлде үшін белдеседі.

Бөлісу:
Токио татамиінде белдеседі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар