Ауа райы
1 мин оқу 230

Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады

<p style="text-align: justify;">Қазгидромет 19-21 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Республиканың басым бөлігіндегі ауа райының тұрақсыз сипаты атмосфералық фронттардың өтуімен байланысты болады. Атап айтсақ, жауын-шашын күтіледі, солтүстікте қар жауады, республиканың қалған бөлігінде қар аралас жауын-шашын күтіледі.

20 қарашада республиканың шығысында қатты қар, оңтүстік-шығыста қатты жауын-шашын болады. Республика бойынша желдің күшеюі, көктайғақ, тұман күтіледі. Солтүстік, солтүстік-батыс, шығыс және орталықта бұрқасын болады деген болжам бар. Ауа температурасы түнде солтүстік-батыс және солтүстікте 15-23 аязға дейін, шығыста 12-20 аязға дейін төмендеуі мүмкін.

Бөлісу:
Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар