Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
<p style="text-align: justify;">Алдағы демалыс күндері, 19-20 қарашада, Астанада ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.</p>
Жәрмеңкеге тауар өндірушілер қатысады. Олар бірқатар тауар түрін ұсынады. Қала тұрғындарына ыңғайлы болуы үшін жәрмеңке Жүргенов, 29 және Сауран, 7 мекенжайы бойынша елорданың оң және сол жағалауында өтеді.
Жәрмеңке сенбі және жексенбі күндері сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін өтеді. Өнімдер нарық бағасынан 10-15%-ға төмен сатылады. Мұндай жәрмеңкелердің басты мақсаты – астаналықтарға қолжетімді азық-түлік себетін жинауға мүмкіндік беру.
Айта кету керек, Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні қарашаның әр үшінші жексенбісінде аталып өтеді. Мереке аясында мұндай жәрмеңкелер Қазақстанның барлық аумағында жүзеге асырылады.