Қазақстан
1 мин оқу 430
Оралдан Алматыға ұшқан ұшақ Ақтөбеге шұғыл қонды
<p style="text-align: justify;">Оралдан ұшқан FlyArystan ұшағы Алматыға 18 қараша күні сағат 06.15-те жетуі керек болған. Бірақ борт ішіндегі бір жолаушы өзін жайсыз сезінгендіктен, ұшақ шұғыл түрде Ақтөбеге қонды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ІІМ Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
Белгілі болғандай, Оралдан Алматыға бет алған ұшақ 18 қараша күні сағат 05.20-да Ақтөбе қаласындағы әуежайға қонған.
«Ақтөбеге қонуының себебі – 1963 жылы туған ер адамның денсаулығы нашарлады. Ол Ақтөбе қаласындағы жедел жәрдем ауруханасына жатқызылды», делінген хабарламада.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Бөлісу: