Елімізде тұмау мен ЖРВИ өршіп тұр
<p style="text-align: justify;">Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Айжан Есмағамбетова елдегі эпидемиялық жағдай туралы айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Бас санитариялық дәрігердің айтуынша қазір елімізде коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Барлық өңірлер «жасыл» аймақта. Тәулігіне коронавирустың 70-ке дейін жағдайы тіркеледі. Науқастардың 99 пайызы емделген.
«Қазіргі уақытта жіті респераторлық вирустық инфекция мен тұмаудың эпидемиялық маусымы басталды. Олардың таралу жолы коронавирус инфекциясымен бірдей, яғни ауа-тамшы жолымен беріледі. Ағымдағы эпидемиологиялық маусымның басынан бері республикамызда тұмаудың 1 014 зертханалық расталған жағдайы тіркелді. Республикада тұмаудың А және Б вирусының айналымда жүргені анықталды. Бұдан басқа бүгінгі күні 1 миллионнан астам ЖРВИ тіркелді. Сырқаттанушылық өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бірдей деңгейде болып отыр. Ауырғандардың 60 пайызы – 14 жасқа дейінгі балалар», деді А.Есмағамбеова.