Қазақстан
1 мин оқу 214
Қазақстандағы Чехияның әскери атташесі таныстырылды
<p style="text-align: justify;">Қорғаныс министрлігінде Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдиновпен Чехияның дипломатиялық миссиясы өкілдерінің хаттамалық кездесуі өтті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Төтенше және Өкілетті елші Рудольф Гикл 2022 жылдың сәуірінде осы қызметте аккредиттелген Қазақстандағы Чехия елшілігінің жанындағы әскери атташесі полковник Томаш Ржиманды таныстырды.
Тараптар қазақстан-чех елдерінің алдағы әскери ынтымақтастық бағыттарын талқылады.
Бөлісу: