Елорда
1 мин оқу 290

Астанада екі мыңнан астам жол жұмысшы қар күреуге шықты

<p style="text-align: justify;">Елорданың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Өткен түнде қаладан 7 мың текше метрден астам қар жиналып, шығарылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.</p>

Бүгін қала көшелерінде қар мен мұзды күреуге 2 100-ден астам жол жұмысшысы шықты, мыңға жуық мамандандырылған техника жұмылдырылды.

17 қарашадан 18-іне қараған түні елордадан 7 мың текше метрден астам қар шығарылды, ал қар полигондарына 600-ге жуық рейс жасалды. Қыс мезгілі басталғалы бері барлығы 115 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл 8 591 ауыр жүкті құрайды.

Бөлісу:
Астанада екі мыңнан астам жол жұмысшы қар күреуге шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар