Қоғам
1 мин оқу 374
Алматы полицейлері төлем аппаратын ұрлаған күдіктіні анықтады
<p style="text-align: justify;">Іле ауданы ПБ Кезекші бөліміне Жетіген ауылының 33 жастағы тұрғыны дүкен сөресінен төлем аппаратын ұрлаған белгісіз тұлғаларға қатысты шара қабылдау жайында жазбаша арызданған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.</p>
Алдын ала деректер бойынша келтірілген залал сомасы шамамен 500 мың теңгені құрады. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары күдіктіні анықтап, ұстады. Ол 45 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.
Қазір аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бөлісу: