Сайлау
1 мин оқу 370

Маңғыстауда 411 103 сайлаушы бар

<p style="text-align: justify;">Облыстағы барлық сайлау учаскелерінде таңғы сағат 7:00-де еліміздің мемлекеттік Әнұранын шырқалып, дауыс беру учаскелік төрағалардың құттықтауынан кейін Президент сайлау басталды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Маңғыстауда  411 103 сайлаушы бар

Құзырлы орындардың хабарлауынша, барлық сайлау учаскесі қажетті материалдармен қамтамасыз етілген, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жағдай жасалған. Облыста барлығы 8 аумақтық сайлау комиссиясы және 243 учаскелік сайлау комиссиясы жұмыс істейді. Оның ішінде 83 сайлау учаскесі Ақтау қаласында орналасқан. Сайлау комиссияларының құрамында 1 765 адам бар. Облыс бойынша 411 103 сайлаушы бар.

Тұрғындар өз сайлау учаскесін бірнеше нұсқа арқылы біле алады. Яғни, сайлау учаскелерін «ЖСН бойынша сайлау учаскесін іздеу» ақпараттық сервисі арқылы, сондай-ақ байланыс операторлары SMS-хабарлама арқылы алынған «109» байланыс орталығының қысқа нөмірі бойынша білуге ​​болады. Екіншіден, тұрғылықты мекенжайыңызды көрсету арқылы учаскелік сайлау комиссиясынан білуге ​​болады. Үшіншіден, Kaspi.kz және Halyk қосымшаларынан да біле алады.

Бөлісу:
Маңғыстауда 411 103 сайлаушы бар · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар