Аймақтар
1 мин оқу 500
Ұлағатты ұстаз Аягүл Миразова өз таңдауын жасады
<p style="text-align: justify;">Қазақстанның тұңғыш Еңбек Ері, Алматы қаласының Құрметті азаматы, ұстаз Аягүл Миразова Алматының №372 сайлау учаскесіне барып дауыс берді. Ол халықты мемлекет келешегінің жарқын болуына үлес қосуға шақырды, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Әділетті ел болу үшін әділетті жастар болуы керек. Әділет үшін еңбек етіп, күресе білуге тиіспіз. Біздің мемлекетіміздің келешегін кемел етіп, оны дамытатын һәм әділетті ететін, ол – сіздер мен біздер, жастар! Бүгін құқығымызды қорғау үшін бір кісідей дауыс беріп, бірлігімізді, тірлігімізді, мемлекет келешегінің жарқын болуына үлес қосайық. Бәріңізді дауыс беруге шақырамын», деді А.Миразова.
Бөлісу: