Спорт
1 мин оқу 390

Қыздардың көрсеткіші керемет

<p style="text-align: justify;">Бұл күндері АҚШ-тың Нью-Йорк қала&shy;&shy;сында күрес түрлерінен Билл Фар&shy;релл мемориалы өтіп жатыр. Атал&shy;ған жарыста әлемнің 18 мемлекетінен келген балуандар бақ сынауда.</p>

Қыздардың көрсеткіші керемет

Боз кілемге алғашқы болып әйелдер күре­сінің өкілдері шықты. Бұл бәсекелерде Қазақ елі намысын төрт спортшымыз қорғады. Бір кереметі, олардың барлығы да жеңіс тұғы­­рына көтерілді. Атап айтсақ, Мәдина (68 кило) мен Жәмила Бақбергеновалар (72 кило) алтыннан алқа тақты. Биыл көк­темде бұл балуандардың екеуі де Азия чем­пио­натында бас жүлдені олжалап, барша қазақ жанкүйерін қуантқан еді. Одан бөлек, Жәмиланың әлем чемпионатының екі дүркін күміс және Ислам ынтымақтастығы ойын­дарының қола жүлдегері деген атақтары бар. Биылғы маусымның қорытындысында ол өз салмақ дәрежесінде дүниежүзілік рейтингте көш бастады. Ал Марина Седнева (55 кило) күміс медальды иеленсе, Алтын Ша­ғаева (53 кило) қола жүлдені қоржынға салды.

Енді біз еркін күрес шеберлерінің бел­десулерін тамашалаймыз. Бұл жарыста Қазақ­станның 17 балуаны күш сынасады.

Бөлісу:
Қыздардың көрсеткіші керемет · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар