Спорт
1 мин оқу 104

«Амурға» да әлі жетпеді

<p style="text-align: justify;">Астананың &laquo;Барысы&raquo; құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) кезекті турында Хабаровскінің &laquo;Амурын&raquo; қабылдап, тағы да жеңілістің кермек дәмін татты.</p>

«Амурға» да әлі жетпеді

Бірнеше бәсекені сыртта өткізіп, елге оралғаннан кейін жергілікті жанкүйерлер жерлестерімізден жігерлі ойын күтті. Бірақ бұл жолы да үміт ақталмады. 19-минутта Аң­­сар Шайхмедденов астаналықтарды алға шығарды. Сол кезде бір қуанып қал­ған едік. Алайда көп ұзамай қонақтар есепті теңестіріп кетті. Одан кейін ба­сым­дыққа ие болған Қиыр Шығыстан келген жігіттер «Барыстың» ойыншыларына бас кө­тертпеді. 22-минутта Ян Дрозг және 60-минутта Александр Шаров бір-бір гол­дан соғып, «Амурға» жеңіс сыйлады. Есеп – 1:3.

32 кездесуден кейін бар-жоғы 28 ұпай жиған «Барыс» тұрақты біріншіліктің жарыс кестесінде 19-орынға орналасқан.

Бөлісу:
«Амурға» да әлі жетпеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар