Әлем
1 мин оқу 160

Мәскеуде гүл қоймасынан өрт шығып, 6 адам қайтыс болды

<p style="text-align: justify;">РФ астанасындағы Комсомол алаңында орналасқан гүл қоймасынан өрт шығып, салдарынан 6 адам қайтыс болды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қоймадан өрт шыққаны туралы хабар 20 қараша күні жергілікті уақыт бойынша сағат 15:13-те тараған.

Өрт сөндірушілер ғимараттан 7 адамды алып шыққан. Өрт салдарынан бірінші және екінші қабаттың арасындағы қабырғалар құлап, жалын 2,5 мың шаршы метрді шарпыпты. Ғимарат оқшауланып, кейін тілсіз жау ауыздықталған.

Ресейдің Төтенше жағдайлар мемлекеттік мекемесінің баспасөз қызметі алғашында өрттен мерт болғандар саны 4 адам деп көрсеткен. Артынша тағы бір адамның зардап шеккенін хабарлады.

Бөлісу:
Мәскеуде гүл қоймасынан өрт шығып, 6 адам қайтыс болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар