Теннис
1 мин оқу 180

Қазақстандық теннисшілер АТР рейтингінен көрінді

<p style="text-align: justify;">Кәсіби теннисшілер қауымдастығы спортшылардың жаңартылған рейтингісін ұсынды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Sports.kz-ке сілтеме жасап.</p>

Рейтингте испандық Карлос Алькарас көш бастап тұр. Екінші орынға оның жерлесі Рафаэль Надаль жайғасса, үшінші орынды Норвегия өкілі Каспер Рууд еншіледі.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 37-ші орында қалды. Тимофей Скатов төрт сатыға төмендеп, 146-шы атанды.

Жұптық рейтингте бірінші орынды Нидерланды өкілі Уэсли Колхоф пен Британдық теннисші Нил Скупски иеленді.

Қазақстандық Андрей Голубев бір позицияға көтеріліп, 47-ші белгіде орналасты. Ал Александр Недовесов 53-ші орында тұрақтады.

Бөлісу:
Қазақстандық теннисшілер АТР рейтингінен көрінді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар