Қоғам
1 мин оқу 250

Елімізде Республикалық маңызы бар күре жолдар ашық

<p style="text-align: justify;">Қазіргі сәтте Республикалық маңызы бар жолдар ашық тұр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;&laquo;ҚазАвтоЖол&raquo; Ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p> <p>&nbsp;</p>

«Өткен демалыс күндері республикалық маңызы бар автожолдарды өңдеу барысында жолшылар 1000 м3 көктайғаққа қарсы материал жұмсады. Бүгін республикалық тасжолдарда қысқы күтіп-ұстау жұмыстарын атқаруға 312 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Олардың қатарында автогрейдерлер, шнекороторлар, қар тазалайтын жабдықтармен қамтылған тиегіштер, тракторлар және т.б. бар. Сондай-ақ, аталмыш жұмыстарға 450 жолшы-маман тартылды», делінген ведомство хабарламасында.

Сонымен қатар, демалыс күндері ҚазАвтоЖолдың бірыңғай тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталығының (1403 қысқа нөмірі арқылы хабарласуға болады) қызметкерлері республикалық автожол пайдаланушыларынан келіп түскен 1500-ден астам қоңырау қабылдады.

Қысқы күтіп-ұстау жұмыстары штаттық режимде жалғасуда. Республикалық маңыздағы тасжолдар ашық.

Бөлісу:
Елімізде Республикалық маңызы бар күре жолдар ашық · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар