Ауа райы
1 мин оқу 506

Қазақстанда 28 градусқа дейін аяз болады

<p style="text-align: justify;">Қазгидромет 22-24 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Синоптиктердің мәліметіне сәйкес, елімізде жел күшейіп, көктайғақ, тұман болады. Еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында бұрқасын соғады.

«Түнде солтүстікте, шығыста және орталықта ауа температурасы 17-28 аязға дейін төмендейді», делінген хабарламада.

Болжам бойынша алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын түседі. Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда қар жауады.

22-24 қарашада республиканың оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын күтіледі.

23 қарашада шығыста қалың қар жауады.

Бөлісу:
Қазақстанда 28 градусқа дейін аяз болады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар