Қазақстан
1 мин оқу 545

Қазақстанда уран қоры жеткілікті ме?

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қазатомөнеркәсіп&raquo; ҰАК&raquo; АҚ коммерция жөніндегі бас директоры Асқар Батырбаев Қазақстанда уран өндірудің ең таза технологиясы бар екенін айтты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Үлкен сұраныс күтілетінін ескере отырып, реакторлар көп мөлшерде салынады деген ойдамыз, Қазатомөнеркәсіп те орнында отырмайды. Біз - соңғы 10 жылдағы ең ірі өндірушіміз. Бізде уран өндірудің ең экологиялық әдісі бар», деді Асқар Батырбаев Сочиде өтіп жатқан «АТОМЭКСПО-2022» халықаралық форумы барысында.

Ол сондай-ақ еліміздің уран қоры жайлы бірқатар ақпарат берді.

«Қазақстан - уран өндіру көлемі бойынша екінші орында. Бізде әлемдік қорлардың 12%-ы бар. Барланған қорлар - 125 мың тоннаны, ал ресурстар - 785 мың тоннаны құрайды», деді Асқар Батырбаев.

Айта кетсек, Қазатомөнеркәсіптің өкілі форумға қашықтан қатысып жатыр.

Сочиде «Сириус» ғылым және өнер паркінде «АТОМЭКСПО-2022» халықаралық форумы – әлемдік атом саласының негізгі конгресс-көрме іс-шараларының бірі жұмысын бастады.

Форум аясында мемлекеттік құрылымдардың басшылары, әлемдік атом индустриясының ірі вендорлары мен компаниялары, қоғамдық ұйымдар мен халықаралық сарапшылар атом технологиялары мен инновациялық дамудың өзекті мәселелерін талқылайды.

Бөлісу:
Қазақстанда уран қоры жеткілікті ме? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар