Әлем
1 мин оқу 230

Қытай мен Қырғызстанда жер сілкінді

<p style="text-align: justify;">Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 21 қарашада Алматы уақыты бойынша 18 сағат 30 минутта және 19 сағат 34 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жер сілкінісінің ошағы Қытайдың Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 290 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9.3. MPV магнитудасы - 4,1. Эпицентр координаттары 40,63° солтүстік 77,52° шығыс, тереңдігі - 10 км.

 

Тағы бір жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 525 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9.5. MPV магнитудасы - 4,3. Эпицентр координаттары 39,49° солтүстік 73,03° шығыс, тереңдігі - 10 км.

Жер сілкінісінің сезілгені жайлы мәлімет тіркелген жоқ.

Бөлісу:
Қытай мен Қырғызстанда жер сілкінді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар