Аймақтар
1 мин оқу 621

«Алтайдың ар жағынан келген ару»

<p style="text-align: justify;">Бүгінде ретроға айналып кеткен &laquo;Алтайдың ар жағынан келген ару&raquo; әнімен қазақ сахарасын тербеткен Тынышбай Рахимовтің &laquo;Жаңатас көктемі&raquo;, &laquo;Алтайдан сәлем&raquo;, &laquo;Мөлдірім&raquo; секілді сөзі мен сазы үйлескен шығармалары да жұрттың жүрегінде сақталған.</p>

«Алтайдың ар жағынан келген ару»

Тараз қалалық «Анаға тағзым» орталығының ұйыт­қы болуымен «Ал­тай­дың ар жағынан келген ару» тақырыбында әдеби-сазды кеш өтті. Іс-шараға Тынышбай Ра­хи­мовтің ұлы Таңат, қа­рындастары Айткүл мен Аман­күл қатысып, ақын, ком­позитордың шы­ғар­ма­шылығы, кісілік кел­беті туралы ойларын ор­таға салды.

«Әкемнің нотаға түскен 81 әні бар екен. Жұрттың жүрегіне жылы тиген «Алтайдың ар жағынан келген ару» әні әлі күнге әр жерлерде орындалып жатады. Менің әкем – ха­лықтың адамы. Қай кезде де елдің ортасында жүрді. Сегіз баланың әкесі ретінде біз­дің бойымызға тек жақ­сы қасиеттерді дарытты», деді Таңат Рахимов әкесі туралы толғана сөйлеп.

Сыршыл сазгер, ақын Тынышбай Рахимовті еске алуға арналған әдеби кеште жергілікті ақындар мен журналистер де өз ойларын ортаға салып, ком­­позитордың мұрасы қазақ халқымен бірге жасай беретіндігін тілге тиек етті. Әдемі әндермен әдіп­теліп, қазақтың қара өлеңі оқыл­ған іс-шараға қаты­­су­шылар Тынышбай Рахи­мов­­тің адами қасиетін жан-жақты ашуға тырысты.

ТАРАЗ

Бөлісу:
«Алтайдың ар жағынан келген ару» · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар