Спорт
1 мин оқу 570

Бочча ойнап бейімделеді

<p style="text-align: justify;">Қостанайда ерекше балалар мен жасөспірімдерге пайдалы спорт түрі бочча үйірмесі ашылды. Паралимпиялық ойындар тізіміне енген бұл спорт түрі елімізде енді ғана дамып келеді.</p>

Бочча ойнап бейімделеді

Үйірменің ашылуына «Тең мүм­кіндіктер әлемі» қоғамдық қоры мұ­рындық болып отыр. Қор директоры Нұргүл Үлжекованың айтуынша, бұл ойын өздігінен жүріп-тұруы қиын мүм­кіндігі шектеулі балалардың өмірге деген құлшынысын оятып, оңалып кетуіне септігін тигізеді.

– Елімізде ерекше балаларға арналған адаптивтік спорт секцияларының жұ­мысы жақсы жанданып келеді. Кем­тарлығы бар балалар мен жас­тарды белсенді өмірге бейімдейтін «Саламатты болашақ» әлеуметтік жобасы Қостанай облысында да жүзеге асырыла бастады. Басты мақсат – баланы спортқа қызықтыру арқылы ортаға бейімдеу, белсенді қимыл-қозғалысын қалыптастыру. Боччамен айналысқан баланың бұлшық еттері жақсы дамиды. Келесі жылы ақпан айында осы спорт түрінен облыстық жарыс ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз, – дейді Н.Үлжекова.

Бочча үйірмесіне ерекше қажет­тіліктері бар 30-дан астам бала тегін қатысатын болады. Жаңа үйірмеден ата-аналар да үміт күтеді.

– Үйірменің ашылатынын естігенде қатты қуандым. Қанша дегенмен бұл жерде баламның дамуына қажетті жағдай бар ғой, – дейді Юрий есімді ерекше баланың анасы Марина Хи­мичук.

Қостанайда тірек-қимыл аппараты зақымданған 250-ден астам бала бар.

Қостанай облысы

Бөлісу:
Бочча ойнап бейімделеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар