Әлем
1 мин оқу 210

Қытайда зауыттан өрт шықты

<p style="text-align: justify;">Хэнань провинциясының (Орталық Қытай) Аньян қаласындағы зауыттан өрт шығып, 36 адам қаза тапты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Аньян қаласында кәсіпорындағы өрт 21 қарашада жергілікті уақыт бойынша сағат 16:22-де басталған. Өрт сөндірушілер өртті тек 3,5 сағаттан кейін ауыздықтаған. Сағат 23:00-де өрт толығымен сөндірілді.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрт салдарынан 36 адам қаза тауып, екеуі із-түзсіз жоғалып кеткен, тағы екі адам жеңіл жарақат алған.

Оқиғаның себебін анықтау үшін өрт орнында тергеу жүріп жатыр.

Бөлісу:
Қытайда зауыттан өрт шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар