Бокс
1 мин оқу 730

Жәнібек Әлімханұлы әлемдегі үздік 50 боксшының қатарында

<p style="text-align: justify;">World Boxing News порталы 2022 жылдың қараша айындағы салмақ дәрежесіне қарамастан әлемнің ең үздік 50 боксшысының рейтингін жариялады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Аталған тізімге алғаш рет қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлы енді. Ол жақында WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы чемпиондық атағын сәтті қорғады. Боксшы рейтингте 49-орынға тұрақтады.

Айта кетейік, орта дивизиондағы IBF, WBA Super және IBO титулдарының иегері Геннадий Головкин тізімнің 28-қатарында.

Рейтингті WBA, WBO және IBF тұжырымдары бойынша ауыр салмақтағы чемпион украиналық Александр Усик бастады. Екінші орында мексикалық Сауль «Канело» Альварес.

Бөлісу:
Жәнібек Әлімханұлы әлемдегі үздік 50 боксшының қатарында · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар