Қаржы
1 мин оқу 174

Доллар бағамы төмендеді

<p style="text-align: justify;"><a href="https://kase.kz/ru/news/show/1492256/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">KASE</a> Қазақстан қор биржасы 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 462,75 теңгені құрап, 0,74 теңгеге төмендегенін хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ресей рублінің орташа өлшенген бағамы 7,62 теңгені құрады.

Қытай юанінің орташа өлшенген бағамы төмендеп, 64,72 теңгені (-0,08) құрады.

Еуро бойынша сауда-саттық өткізілген жоқ. Ұлттық банк еуро бағамын 473,93 теңгеге белгіледі.

Айырбастау пункттерінде долларды 463-466,5 теңгеден, еуроны - 473-478 теңгеден, ресей рублін - 7,23-7,4 теңгеден сатып алады/сатады.

Сонымен қатар 22 қарашадағы сауда-саттық барысында әлемдік мұнай бағасы біршама өсті.

Мәселен Brent сортына арналған қаңтар фьючерстерінің құны 0,46%-ға өсіп, барреліне 87,85 долларды құрады.

WTI мұнай фьючерстерінің бағасы қаңтар айында 0,35%-ға, барреліне 80,32 долларға дейін көтерілді.

Бөлісу:
Доллар бағамы төмендеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар