Саясат
1 мин оқу 170

Штаб жұмысымен танысты

<p style="text-align: justify;">Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Рес&shy;пуб&shy;ликалық қоғамдық штабына әлемнің 37 елінен 44 халықаралық бұқаралық ақпарат құралының өкілі келді. Олардың қатарында АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Испания, Бельгия, Аустрия және т.б. елдерден келген журналистер бар.</p>

Штаб жұмысымен танысты

«Amanat» партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов шетелдік өкіл­дерді үгіт-насихат және талдау орта­лық­тарының, кандидаттың қоғамдық қабыл­дау бөлмесінің, медиа-штабтың, сенімді өкілдердің жұмысын үйлестіру орталы­ғының, бай­қау­шылар штабы мен арнайы жастар алаңының жұмысымен таныстырды.

Кездесу қорытындысында Рес­пуб­ликалық қоғамдық штаб мүше­лері шетелдік БАҚ өкіл­деріне брифинг өткізіп, онда сай­лау науқаны аясында атқарылған жұмыстар туралы айтып берді.

Жалпы, үгіт-насихат нау­қаны кезінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары 42 қала мен 5 мыңнан астам ауылды ара­лады. Олар өткізген 24 мың үгіт-насихат іс-шарасына 3 миллион сайлаушы қатысты.

Сонымен қатар Қасым-Жо­март Тоқаевтың сайлауалды шта­бына халық­аралық бай­қау­шылар да келді. Олардың қа­тарында Ұжым­дық қауіп­сіздік туралы шарт ұйымы Парла­мент­тік Ассам­блея, Америка Құра­ма Штат­тарының және Ислам Ынты­­мақ­тастығы Ұйымының халық­­ара­лық байқаушылары бар. Штаб мүшелері оларды үгіт-наси­хат және талдау орталық­тары­ның, кандидаттың қоғам­дық қабыл­дау бөлмесінің, медиа-штаб­тың, сенімді өкіл­дер­дің жұмы­сын үйлестіру орталы­ғы­ның, байқаушылар штабының және арнайы жастар алаңының жұмысымен таныстырды. Жалпы, үгіт-насихат науқаны кезінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары өт­кіз­ген үгіт-насихат іс-шаралары мен кез­де­сулер барысында азаматтардан 40 мың­нан астам ұсыныс пен тілек жиналды.

Бөлісу:
Штаб жұмысымен танысты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар