Қазақстан
1 мин оқу 172

Республикалық автожолдардың екі учаскесі қайта ашылды

<p style="text-align: justify;">Бүгін&nbsp;сағат 08.00-ден бастап Абай және Жетісу облыстарындағы көлік қозғалысына қойылған шектеу алынды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Абай өңірінде «Алматы-Өскемен» тасжолының 615-967 шақырымдары аралығында орналасқан Жетісу облысы шекарасынан Қалбатау ауылына дейінгі учаске ашық. Сондай-ақ Жетісу өңірінде «Алматы-Өскемен» тасжолының 558-615 шақырымдары аралығында орналасқан Үшарал қаласынан Абай өңіріне дейінгі учаске ашылды», деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» АҚ баспасөз қызметі. 

Ал Р-20 «Сарыөзек-Көктал» күре жолының 45-68 шақырымдары аралығында (Алтын Емел асуы) көлік қозғалысына әлі де шектеу қойылып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, кеше кешке ауа-райының қолайсыздығына байланысты жолшылар күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Мәселен, өткен түнде Абай облысының республикалық маңыздағы күре жолдарына 140 тонна құм-тұз қоспасы себілді.

Бөлісу:
Республикалық автожолдардың екі учаскесі қайта ашылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар