Оқиға
1 мин оқу 202
Елордадағы құрылыс алаңында өрт шықты
<p style="text-align: justify;">Астанада Нұрлыжол бульварындағы құрылыс алаңында контейнер отқа оранды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Өрт 150 шаршы метр аумақты қамтыған.
«23 қарашада, сағат 00:59-да Есіл ауданындағы Қонаев көшесі бойындағы құрылыс контейнерлерінен әкімшілік ғимарат өртенді. 20 адам мен 4 техника жұмыс істеді», деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Өрт 01:49-да оқшауланып, 02:03-те сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Зардап шеккендер жоқ.
Бөлісу: