Қазақстан
1 мин оқу 480

Қытай компаниясы Қазақстанда жел станциясын салады

<p style="text-align: justify;">2022 жылдың 22 қарашасында қуаты 50 МВт жел электр станцияларын іріктеу бойынша ҚР Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің солтүстік аймағы үшін жаңартылатын энергия көздері бойынша онлайн-аукцион өткізілді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.</p>

Аукциондық сауда-саттыққа 10 компания қатысты. ЖЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу кезіндегі шекті аукциондық баға 2022 жылы 21,53 тг/кВтсағатты құрады.

Сауда-саттық сессиясын өткізу барысында аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан алынған өтінімдердің баға диапазоны 21,53-тен 12,99 тг/кВтсағатты құрады.

Аукциондық сауда саттық қорытындысы бойынша жеңімпаз болып жобаның белгіленген қуаты 50 МВт, 14,51 тг/кВтсағатты  аукциондық бағасымен «Next Green Energy» ЖШС (ҚХР) анықталды.

«Аукциондық баға 39,7%-ға төмендеді, бұл жақсы нәтиже. Аукциондық сауда-саттық неғұрлым тиімді жобаларды іріктеуге және ЖЭК объектілері өндіретін электр энергиясына нарықтық бәсекелестік бағаларды қалыптастыруға бағытталған. Аукциондық сауда-саттықты өткізу кезінде байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «Ecojer» ЗТБ, «KazEnergy» ЗТБ, «Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы» ЗТБ, Qazaq Green қауымдастығы және «ЭЭҚРҚО» АҚ өкілдері қатысты. Байқаушылар аукциондық сауда-саттықтардың бекітілген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өткізілуін атап өтті және аукционды ұйымдастырушы – «ЭЭҚРҚО» АҚ электрондық сауда жүйесі жұмысының ашықтығын растады», делінген ведомство хабарламасында.

Бөлісу: