Нәрестенің салмағы – 5 кило
<p style="text-align: justify;">Дәрігерлердің айтуынша, медицинада өмірге келген сәтте салмағы 4 килодан асатын нәресте ірі саналады. Ал 5 килодан жоғары салмақпен туғандар алыптар қа­тарына қосылады. Аты­раудағы облыстық пе­ри­наталдық орталы­ғын­да алып сәби өмірге келді.</p>

«Қазір алып баланың да, оны өмірге әкелген анасының да жағдайы жақсы. Алып нәресте – отбасындағы төртінші бала. Сәбидің салмағы ірі болған соң, анасына кесарь тілігі арқылы ота жасалды. Ол – биыл Атырауда жарық дүние есігін ашқан алғашқы алып нәресте. Оның салмағы – 5 700 грамм, ал бойы – 64 см», деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
Өңірде туу көрсеткіші артып келеді. Мәселен 20 қарашада 34 сәби дүние есігін ашқан. Оның ішінде бір егіз бар. Бұл күні өмірге келген нәрестелердің 19-ы – ұл, 15-і – қыз. Аналар мен сәбилер дәрігерлердің жіті бақылауына алынды.
Атырау облысы