Спорт
1 мин оқу 243

Аустралияға аттанады

<p class="2018-" style="text-align: justify;">28 желтоқсан мен 8 қаңтар аралығында Аустралияда теннисшілердің United Cup аралас командалық турнирінің тұ&shy;сауы кесіледі. Бұл жарыста 18 команда бақ сынайды.</p>

Аустралияға аттанады

Жасыл құрлықтағы Сидней, Брисбен және Перт қалаларында өтетін дүбірлі дода­да Қазақстан құрамасы да өнер көрсетеді. Жерлестеріміз Польша және Швейцариямен бірге В тобында ойнайды. Республикалық теннис федерациясы таратқан мәліметке сүйенсек, аталған турнирде Александр Буб­лик, Тимофей Скатов, Денис Евсеев, Гри­горий Ломакин, Юлия Путинцева, Жібек Кұ­ламбаева және Гозаль Айнитдинова сынды танымал теннисшілер ел намысын қорғайды.

Ал өзге топтарда мына командалар өзара шеберлік байқасады: А тобы: Грекия, Бельгия, Болгария. С тобы: АҚШ, Германия, Чехия. D тобы: Испания, Аустралия, Ұлыбритания. E тобы: Италия, Бразилия, Норвегия. F тобы: Франция, Хорватия және Аргентина.

Бөлісу:
Аустралияға аттанады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар