Спорт
1 мин оқу 195

UFC-дің рейтингі жаңартылды

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Аралас жекпе-жек әлеміндегі ең белді ұйым &ndash; UFC-дің жаңартылған рей&shy;тингі жарияланды. Бірден айта кетейік, Pound-For-Pound тізімінде айтар&shy;лықтай өзгеріс жоқ.</p>

UFC-дің рейтингі жаңартылды

Көш басында – жартылай жеңіл салмақта күш сынасып жүрген Аустралияның апайтөсі Александр Волкановски. Сондай-ақ ТОП-10 файтердің қатарында Ислам Махачев (Ресей), Леон Эдвардс (Ұлыбритания), Камару Усман (АҚШ), Фрэнсис Нганну (Франция), Исраэль Адесанья (Жаңа Зеландия), Чарльз Оливейра (Бра­зилия), Алекс Перейра (Бразилия), Алд­жа­мейн Стерлинг (АҚШ) және Иржи Про­хазка (Чехия) сынды саңлақтар бар. Ал өз сал­мақ дәрежелері бойынша мына спортшылар чемпиондық атақты иеленуде: Фрэнсис Нганну (120, 2 кило), Иржи Прохазка (93 кило), Алекс Перейра (83,9 кило), Леон Эд­вардс (77,1 кило), Ислам Махачев (70,3 кило), Алек­сандр Волкановски (65,8 кило), Алд­жа­мейн Стерлинг (61,2 кило) және Дейвесон Фигередо (56,7 кило).

Қандастарымыздың арасынан ең үздік көрсеткіш Шавқат Рахмоновқа тиесілі. 77,1 кило салмақта күш сынасып жүрген ол 10-орын­ды иеленуде. Ресейдің Орынбор облысында туып-өскен Дамир Исмағұлов 12-орынға тұрақ­таса, Жамбыл облысының Қордай аудан­ында дүниеге келген әзербайжандық Рафаэль Физиев 6-сатыға жайғасты. Олардың екеуі де 70,3 кило салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді.

Бөлісу:
UFC-дің рейтингі жаңартылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар