Әлем
1 мин оқу 450

Үндістан барлық карантиндік шектеулерді алып тастады

<p style="text-align: justify;">22 қарашадан бастап Үндістан билігі шетелдіктердің кіруіне қойылатын талаптардың басым бөлігін алып тастады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, вакцинация енді халықаралық келушілерге міндеттелмейді.

«COVID-19 траекториясының тұрақты құлдырауы әлемде және Үндістанда COVID-19 вакцинациясын қамтудағы елеулі жетістіктерге байланысты. Денсаулық сақтау және отбасылық әл-ауқат министрлігі Халықаралық келушілерге арналған нұсқаулықтың қайта қаралған нұсқасын шығарды», делінген хабарламада.

Сонымен қатар шетелдіктерге енді Air Suvidha порталында вакцинация туралы декларацияны толтыру, сондай-ақ елге кіру үшін ПТР сынақтары қажет емес.

Өткен аптада билік Үндістанда ішкі және халықаралық рейстерде маска тағу міндетін алып тастады. Енді саяхатшыларға маска болмағаны үшін айыппұл салынбайды.

Бөлісу:
Үндістан барлық карантиндік шектеулерді алып тастады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар