Теннис
1 мин оқу 120

Бейбіт Жукаев Жапониядағы жарыстың ширек финалына шыға алмады

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық Бейбіт Жукаев Жапонияда Йоккаити челленджер турнирінің ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жукаев екінші айналымда әлемнің 173-інші, осы жарыстың 3-ракеткасы, жапониялық Юсуке Ватанукимен шеберлік байқасты.

Бәсеке 0:6, 1:4 есебімен аяқталды. Екінші сетте алтыншы геймде аздап жарақат алған Бейбіт матчты жалғастыра алмады.

Ақтау теннис мектебінің түлегі, 22 жастағы Жукаев биыл өте табысты өнер көрсетті. Жылдың басында 728-орынмен бастаған Бейбіт Жукаев қазіргі кезде АТР live рейтингісінде 311-сатыда тұр.

Бөлісу:
Бейбіт Жукаев Жапониядағы жарыстың ширек финалына шыға алмады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар