Қазақстанда күнбағыс майының өндірісі артты
<p style="text-align: justify;">Биыл күнбағыс тұқымына арналған егіс алқабы 1 млн гектарға дейін ұлғайды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы <a href="https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/465865?lang=ru" target="_blank" rel="noopener noreferrer">министрлігінің</a> баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Егін жинау аяқтауға жақын, бүгінгі күні фермерлер бұл дақылдың егіс алқаптарының 96%-ын жинап, шамамен 1,2 миллион тонна күнбағыс бастырды. Айта кетсек, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 2 есе көп.
Сондай-ақ елімізде күнбағыс майын өндіру көлемі де өсіп келеді. Биылғы жылдың қыркүйегіне қарай кәсіпорындар 352,3 мың тонна шығарды, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңінен 46,3%-ға артық.
Ведомство өкілдері атап өткендей, отандық күнбағыс майының бір бөлігі экспортқа шығарылады. Мәселен, 2022 жылдың басынан бастап шетелге 173,1 мың тонна өнім сатылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,7 есе көп.