Теннис
1 мин оқу 121

Михаил Кукушкин Италиядағы турнирдің ширек финалына шықты

<p style="text-align: justify;">АТР әлемдік рейтингінде 223-ші орында тұрған Михаил Кукушкин Италияның Андрия қаласында өтіп жатқан ATP Challenger сериясы турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Екінші айналым матчында қазақстандық теннисші бельгиялық Микаэль Грицті (264 АТР) 6:1, 6:3 есебімен жеңді.

Енді ширек финалда Михаил Кукушкин австриялық Юрий Родионовпен шеберлік байқасады.

Бөлісу:
Михаил Кукушкин Италиядағы турнирдің ширек финалына шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар