Қаржы
2 мин оқу 290

Жаңа ипотека мөлшерлемесі

<p style="text-align: justify;">Қазақстанда жыл соңына дейін жаңа ипотекалық бағдарлама жариялануы мүмкін. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарлауынша, қазір ведомство мен &laquo;Қазақстан тұрғын үй компаниясы&raquo; және мүдделі мемлекеттік органдар жұмыс істеп жатыр. Биыл жыл басында ҚТК жылдық пайыздық мөлшерлемесі 12,5 пайыз болатын, орта класс үшін арнайы бағдарламаны таныстырған еді.</p>

Жаңа ипотека мөлшерлемесі

Бұған дейін ұсынылған бағдарлама жобасының басты ерекшелігі – екінші деңгейлі банктер мөлшерлемесінің бір бөлігін (7 пайызын) мемлекет халық үшін өзі төлеп береді. Krisha.kz хабарлауынша, қазір шамамен мынадай шарт негізінде бағдарламаны іске қосу болжануда: алғашқы төлем – үй құнының 20 пайызы; несие мерзімі – 20 жыл; максималды займ сомасы – 15-35 млн теңге; мемлекеттен берілетін төлем тек алғашқы 10 жылға ғана жарамды.

Екінші деңгейлі банк мөл­шерлемесі былай есеп­теледі. Қазір Ұлттық банк белгілеген базалық мөл­шерлеме 16 па­йыз екені бел­гілі. Оған банк тарапынан тағы 5 пайыз қосылады. Сол 21 пайыздан мемлекет суб­сидиялайтын 7 пайызды ше­ге­ріп тастайды. Сонда халық үшін қалатыны – 14 пайыз. Бағдарлама шарты бойынша тек қана салынып жатқан және ҚТК кепілдігі бар тұрғын үйден немесе салынғанына 6 айдан аспаған кез келген кешеннен алуға болады. Сонда банк ставкасына қатысты ережеге сәйкес, егер қарыз алушы несиені 19 жылға рәсімдесе, онда қалған 9 жылды банктің толық ставкасымен төлейді. Жоғарыда айтып өткеніміздей, мемлекет субсидиясы тек 10 жыл жұмыс істейді.

«Біз елімізде орта класс үшін ипотека қажет деп са­наймыз. Ұсынылып отыр­ған бағдарлама шынымен тұр­ғын үй жағдайын жақ­сарт­қысы келетін адамдар үшін қолайлы деп ойладық. Алайда, өкінішке қарай, еш­кімге қажетсіз бағ­дар­лама болып қалуы да ық­тимал. Неге? Себебі 14 пайыз – шыдас беретіндей ставка емес. Орта тапқа арналған бағ­дарлама мөлшерлемесі 10 пайыздан аспауы керек. Біз соны талап етеміз», дейді Қа­­зақстан құрылыс салушы­лар қауымдастығының пре­зиденті Виктор Микрюков.

Жалпы, ипотека – еліміз­дегі ең танымал қаржы өнімі. Жыл басынан бері 131,2 мың адам баспананы несиеге сатып алған. Бірінші несие бюро­сының ақпараты бойын­ша, 2022 жылдың 10 айын­да займ саны 1,2 пайызға өс­кен (2021 жылдың 10 айы­мен салыстырғанда). Бұл ретте ипотека сомасы да орта есеппен 18,8 пайызға өскен. Былтыр қаңтар-қазанда рәсім­дел­ген ипотека сомасы 13,1 млн теңге болса, биылғы сома – 15,5 млн теңге.

Ал төленбегеніне 90 күн­нен­ асқан займдар үлесі – 1,6 пайыз. Былтыр 1,9 пайыз бол­ған. Демек бұл сегментте проб­ле­ма­лық займ үлесі сәл де болса азайған.

Бөлісу:
Жаңа ипотека мөлшерлемесі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар