Қоғам
2 мин оқу 214

Төрт мердігер лицензиядан айырылды

<p style="text-align: justify;">Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасы, &laquo;Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы&raquo; РМК бас директоры және &laquo;ҚазАвтоЖол&raquo; ҰК&raquo; АҚ басқарма төрағасының қатысуымен брифинг өтті.</p>

Төрт мердігер лицензиядан айырылды

Жол активтерінің ұлттық сапа орта­лығының бас директоры Замир Сағынов кәсіпорынның жұмысы туралы айтып берді. Осы жылы Сапа орталығы жол-құрылыс материалдарының 29 мың үлгі­сінен сынама алған. Оның 9 мыңы рес­публикалық желі бойынша болса, 20 мың сынама жергілікті желіге тиесілі. Соның ішінде 7,3 мың материал сынамасы немесе 24% белгіленген нормативтік талаптарға сәйкес келмейді. Осылайша, республикалық желі бойынша 13% (1 166), жергілікті желі бойынша 30% (6 234) сәйкессіздік анықталды. Сонымен қатар сапа сараптамасымен жергілікті желі бойынша іске асырылатын барлық жобаның небәрі 63%-ы, ал республикалық жолдар бойынша барлық жоба қамтылған.

Техникалық қадағалауда орын ал­ған бұзушылық фактілері бойынша өңір­лік Мемлекеттік сәулет құрылысы басқар­маларына өтініштер жолдануда. 2020 жылдан бері Сапа орталығының жолдаған өтініштері бойынша 81 техни­калық қадағалау қызметі әкімшілік жауап­кершілікке тартылса, 56 инженердің аттестаты өз күшін жойған. Сондай-ақ 4 мердігер ұйым жол құрылыс жұмыстарын жүргізу лицензиясынан айырылған (2020 жылы – 2, 2022 жылы – 2). Жалпы, салынған айыппұл сомасы – 110 млн теңге.

Өз сөзінде бас директор З.Сағынов жол жөндеу жұмыстарында пайдаланылатын битумның сапасына да тоқталып өтті.

«Биыл Сапа орталығы мұнай өң­деу зауыттары, асфальт зауыттары жә­не битум қоймаларынан 900-ге жуық жол битумының үлгісін пайдаланып, сынап көрді. Оның ішінде 232 сынама (26%) сапа стандарттарына сәйкес келмейтіні анықталды. Осыған байланыс­ты битум сапасына қатысты мәселе­лерді терең зерттеу үшін Автожол коми­те­т­інің тапсырмасына сәйкес Сапа орталығы базасында битумды және полимерлі-модификацияланған битумды байланыстырғыштарды зерттеу жөніндегі орталық зертхана құрылды, ол заманауи жабдықтармен жарақтандырылуда», – деді З.Сағынов.

Аталған орталық Назарбаев универ­ситеті профессорларымен бірлесе еліміз­дің әртүрлі өңірлеріндегі нақты көлік пайдалану және климаттық жағдайларды ескере отырып, асфальтбетонның берік­тік сипаттамаларын арттыру, жөндеу­аралық қызмет мерзімін ұлғайту бойын­ша шетелдік тәжірибені зерделеуде. Сондай-ақ Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-мен бірлесе цемент-бетон жабыны бар автожолдарда ақаулардың пайда болу себептерін анықтау бойын­ша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстың қорытындысында қолданыс­тағы нормативтерге өзгерістер енгізу бойын­ша ұсыныстар берілетін болады.

Бөлісу:
Төрт мердігер лицензиядан айырылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар