Оқиға
1 мин оқу 311

«Үшарал-Достық» тас жолы уақытша жабылды

<p style="text-align: justify;">Ауа райының нашарлауына байланысты &laquo;Үшарал-Достық&raquo; тас жолында көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«25 қарашада сағат 08:30-да Жетісу облысында ауа райының нашарлауына байланысты Үшарал-Достық тас жолының 84-184 шақырымында көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді», делінген «ҚазАвтоЖол» хабарламасында.

Бұған дейін хабарланғандай, 25 қарашада түнде және таңертең Жетісу облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман түседі деп күтілуде. Солтүстікте оңтүстік-батыстан соғатын жел облыстың шығысында 15-20, екпіні 23-28 м/с. Талдықорғанда күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Бөлісу:
«Үшарал-Достық» тас жолы уақытша жабылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар